Бауыржан Момышұлы туралы 13 дерек !!!
Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. Генералдар дәріс оқыған асқан стратег, психолог, шешен, тапқыр полковниктің кәсібилігін мойындайды 1. Желтоқсан айының 24 күні туған. Қыстың әбден қаһарына мініп тұратын шағында туған оның өміріне да аса ықпалы болған. Жайшылықта сабырлы, ал майданда аса қатал болған деседі. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болғанын біреу білсе, біреу білмес. 2. Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген. 3. Әр саланың игеріп әкететін ерекше қабілетінің арқасында Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген. 4. Соғысқа дейінгі жылдары әскерде өнерімен талайды тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен. 5. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. 6. Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді. 7. 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін «Соғыс психология» деген атпен кітап болып басылды. 8. Қанқұйлы соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақ болған. Біріншісі – Бауыржан Момышұлы, екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин. 9. Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары полковник шенімен Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. Совет одағының генералдары алдында дәріс оқыған асқан стратег, психолог, шешен, тапқыр полковниктің кәсібилігін бірден мойындайды. Батыр ақын, алаштың арысы Мағжанды өз көзіммен көрдім деп осы кезді айтады. 10. Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барды. Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте шақыртумен арнайы сапармен барып қайтты. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро түрмеде жатқан кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, көзқарастарының нығаюына ықпал еткенін айтады. 11. Елге оралған соң, Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі. 12. Кейін бірыңғай шығармашылыққа келді. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етті. 13. Момышұлы өмірінде бірнеше рет үйленіп, шаңырақ көтерген. Алғашқы зайыбы Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы да жазушылықпен айналысқан. Екінші әйелі Вера Строева Бауыржанның әдебиетке келуіне әсер еткен. Клавдия Коркина атты сыған қызымен бас құрап, одан Елена Бауыржанқызы деген перзент сүйген. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге болған.

«Әлия» әніне жаңа бейнебаян түсірілді

Қазақтың қаршадай қызы елдің есінде. «Әлия» әнін естігенде кім-кімнің де құлақ құрышы қанады, деп хабарлайды «Хабар 24» Осы әйгілі шығарманы отандық өнер жұлдыздары мерекеге орай, әспеттеп бейнебаян түсірді. Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнін бұл жолы Қазақстанның Халық артисі Роза Рымбаева,  Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ержан Максим, Индира Еділбаева сынды жұлдыздар орындайды. Бейнебаян Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/394590-liya-nine-zha-a-bejnebayan-t-sirildi?fbclid=IwAR2cMWSaitzvg8-FQ7mrA5OE55lDtp-phdlimdkhEDB7cVYjmGIXDe4c-oo

Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қараймыз: Бірінші, әдеби-көркем шығармалардағы тарихи тұлғалар (Абыл, Сүйінғара, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Абылай, т.б.). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан… Әбіш – әдебиет майданында кемел ой, көркем сөзімен белгілі жазушы. Қандай шығармасы болса да оқушысын баурап алады. Оның кейіпкері Еңсеп – тек еңбек адамы ғана емес, өнер адамы. Абыл шерткен керемет күйлерді және тарихымыздың аса қиын кездерін суреттейтін шығармасы – халық тағдырын жан-жақты бейнелейтін туынды. Қазақтың атбегілеріне арнаған шығармасы қандай болса, «Автомобиль» де сәйгүлікке мінгендей делебеңді қоздырады. Өндіріс пен геология тақырыбына жазған шығармаларында да – «Ұйқыдағы арудың оянуы», т.б. – халқымыздың тарихы қамтылған. Әбіш – барлық дерлік еңбектерінде қазақ елінің тарихы мен тағдырына тоқталған және тарихты жалықпай көп зерттеген жазушы. Қаламгердің алғаш жарыққа шыққан шығармасы «Бір шөкім бұлт» болатын. Осы шығармасының өзі оның үлкен сөз зергері екенін көрсеткен-ді. Көп ұзамай, 1967 жылы «Күй» жарық көрді. «Күй» классикалық туынды болатын. Әрине, кезінде оны өз дәрежесінде бағалағандар аз еді. Сол аздың ішінде Г. Бельгер: «…«Күй» стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты, бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерімен құнды”, – деген болатын.

Нұр-Сұлтанда ақмолалық Ұлы Отан соғысының батырлары туралы кітап таныстырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан әкімдігінде «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Онда ақмолалықтардың Ұлы Жеңіске қосқан ерен еңбегі суреттелген, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Кітапты басып шығару идеясы өткен жылы елорданың ардагерлер кеңесінде пайда болған. «Редакциялық алқа құрылып, оның құрамына журналистер мен ардагерлер кеңесінің мүшелері кірді. Уақыттың аздығына қарамастан біз соғысқа осы өңірден аттанған азаматтардың өмірбаяндарын жинап, соғыстың куәгерлері – көзі тірі арагерлермен кездестік. Кітапты жазу кезінде біздің өңіріміздің батырлардың отаны екеніне көзіміз жетті. 500 жауынгер – Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағының батырларының 44-і Ақмола облысының тумасы. Бұл кітап олардың өшпес ерлігін еске салуға арналған. Оны дайындағандағы тағы бір мақсатымыз – жас ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтанышты дәріптеу. Қазіргі балалар аға буын көрген соғыс пен қатаң сынақ туралы білуі тиіс», – деген белгілі журналист Ғалия Балтабай кітап мектеп кітапханаларына түссе деген тілегін де жеткізді. Кітапқа тек соғысқа қатысқан жауынгерлер ғана емес, тылда еңбек еткен азаматтардың да есімдері енді. «Бұл кітап – қан майданда жан тапсырған батырлар мен тылда жұмыс істеген азаматтарға деген біздің алғысымыз», – деді елорданың ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Есілов. «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» кітабы 500 данамен қазақ және орыс тілдерінде шықты.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/393937-n-r-s-ltanda-a-molaly-ly-otan-so-ysyny-batyrlary-turaly-kitap-tanystyryldy

Қастеев атындағы галерея есту қабілеті нашар жандарға онлайн экскурсия өткізіп жатыр

Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет галереясы еліміздегі есту қабілеті нашар жандарға арнап, онлайн экскурсия ұйымдастыруды бастап кетті. Бүгінге дейін бұл экскурсияны есту қабілеті нашар 18 мың адам қараған. Бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы брифингте Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/391067-asteev-atynda-y-galereya-estu-abileti-nashar-zhandar-a-onlajn-ekskursiya-tkizip-zhatyr