Елордадағы этнос өкілдері айтулы мерекеге орай челлендж бастады

Бас шаһардағы Достық үйінде 23 ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24» Ширек ғасырдан бері ұлтаралық келісімді насихаттап келе жатқан бұл ұйымдар биыл Қазақстан халқы бірлігі мерекесін жаңаша тойлауға дайындалып жатыр. Елордалық Достық үйінен ірге тепкен ұлттық орталықтардың бірі, немістердің «Wiedergeburt» қоғамы. 30 жылдан бері жемісті жұмыс атқарып келген ұйым әлеуметтік-мәдени жобаларды іске асырады. Карантинге байланысты достық мерекесін жылдағыдай тойлау мүмкін болмады. Десе, орталық орайын тауып, мерекелік челленджді қолға алған. Евгения Гизик, «Wiedergeburt» неміс қоғамы төрағасының орынбасары: – Бүгін ғана Қазақстан халқы бірлігінің күні қарсаңында балаларымыз ұйымдастырған челледжді инстаграм парақшаға жүктеген едік. Баршаға ортақ челледж арқылы достық дестесін жасадық. Әр ұлттың баласы қолдан бір-бір гүлден тіккен еді, ал біздің қолөнершіміз Татьяна Тарасовна бәрін бір дестеге жинады. Осылайша, біз бір халық екенімізді білдірдік. Корей ұлттық орталығы да отыз жылда ұлттық дәстүрін қадірлейтін жаңа буынды тәрбиелеп үлгерген. Халықтың ыстық ықыласына ие ән және би ансамбльдері осы уақытта ел ішінде жеке концерт беретін еді. Тек биыл бұл жоспарлары кейінге ысырылды. Роза Пак, қалалық корей бірлестігі төрағасының орынбасары: – Бұл кезең барлығына бірдей ауыр тигені белгілі. Дегенмен, мұны да иық тіресе бірге өткереміз. Сабырлық таныту керек, сонда бәрі де жақсы болады. Елбасының қатысуымен ашылған осынау Достық үйі барлық этномәдени басшыларының бас қосып, ортақ идеяларын жүзеге асыратын достық ордасы. Тілі бөлек, тілегі бір этно-мәдени орталықтар жұмысын бір сәтке де тоқтатқан емес. Еңсемізді түсірмей, бір-бірімізге демеу болсақ, індеттің бетін қиналмай қайтара аламыз дейді олар.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Асхат Қарақойшиев

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/392722-elordada-y-etnos-kilderi-ajtuly-merekege-oraj-chellendzh-bastady

Елордада «Білге Тоныкөк» кітабы жарық көрді

Жаңа жинаққа Тоныкөк ескеркіші мәтінінің 12 тілдегі аудармасы енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24» Одан бөлек, ғылыми транскрипциясы қатар беріліпті. Түбі бір түркі еліне ортақ болған Тоныкөктің 1300 жылдығы биыл ЮНЕСКО көлемінде атап өтіліп жатыр. Жаңа жинақ осы мерейтой аясында жарық көрді. Оны Түркі академиясы бейнебайланыс кезінде таныстырды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/391263-elordada-bilge-tonyk-k-kitaby-zhary-k-rdi

«Менің сүйікті кітабым» атты онлайн байқау ұйымдастырылды

Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі республикалық онлайн байқау ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». «Менің сүйікті кітабым» деп аталатын сайысқа кез келген оқырман қатыса алады. Ол үшін ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнебаян әзірленуі тиіс. Онда қатысушы өзінің сүйікті шығармасы туралы қысқаша мазмұндайды. Бүгінде байқауға еліміз ғана емес, Ресей, Монғолия азаматтары да қызығушылық білдіріпті. Қазір бұл дүниелер интернет кеңістігіндегі әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы кітапхана парақшасына орналастырылған. Жеңімпаз сәуірдің 23-і күні анықталады. Жалпы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 350 мыңнан артық онлайн оқырманы бар екенін атап өту керек. Кітапханашылар осы күнге дейін 4 мың кітапты электрондық нұсқада дайындап үлгеріпті. Арайлым Оралбек, байқауға қатысушы /Ақмола облысы/: – Менің сүйікті кітабым Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі, бұл шығарманы оқымаған аға ұрпақ өкілі жоқ шығар. Биыл ел болып Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында майдангер ата-апаларымызға тағзым ретінде осы бір шығармамен танысқаныма еш өкінбеймін. Мен де өзімнің достарым мен сыныптастарыма Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесін ерінбей оқып шығуға кеңес бере отырып, шығармашылық табыс тілеймін. Мейрамгүл Маханбетова, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлім меңгерушісі: – Аз ғана уақыттың ішінде осы интернеттегі оқырмандарымыз, 250-ден асты. Олардың жас ерекшелігі әр түрлі, 5 жастағы баладан зейнеткер жасқа дейін. Және де бұл акция, байқау мамандық таңдамайды. Сайыстың қорытындысы 24 сәуір күні шығады. Ең көп лүпіл, лайк жинаған адамдар біздің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің арнайы марапатына ие болады.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/389308-meni-s-jikti-kitabym-atty-onlajn-baj-au-jymdastyryldy

Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда. Бұл жолы «КIТАПХАНА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ» тақырыбында әлеуметтік желі қолданушыларына онлайн дәріс өткізді. Онлайн кездесуде Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.

Бақытжан Оразалиев кездесу барысында қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөнінде әңгімелеп берді.

Іс шараны жүргізген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маретолог Нұржан Жолдыбалинов болды. Нұржан Нұржанұлы қазіргі таңда қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі.

Сондай-ақ, кеше ақын, Мәдениет саласының үздігі, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық және Республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізілді. Ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқыды. Онлайн көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарға келесі қызметтерді онлайн көрсетеді. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК www.kazneb.kz 24/7 режимінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. Одан басқа, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес edd_nabrk@mail.ru электрондық поштасы арқылы кітаптарды электронды жеткізу мүмкіндігі бар. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтықтағы пайдаланушыларына арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қолжазбалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды жиі әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алуда.

Источник: https://newsroom.kz/nrnewsqaz152488.html

Ұлттық академиялық кітапхана online форматта жұмыс істеп жатыр

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда. Бұл жолы «кiтапхана және ақпараттық қоғам» тақырыбында әлеуметтік желі қолданушыларына онлайн дәріс өткізді. Онлайн кездесуде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.

Бақытжан Оразалиев кездесу барысында қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөнінде әңгімелеп берді.

Іс шараны жүргізген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Нұржан Жолдыбалинов болды. Нұржан Нұржанұлы қазіргі таңда қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі.

Сондай-ақ, кеше ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізілді. Ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқыды. Онлайн көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарға келесі қызметтерді онлайн көрсетеді. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК www.kazneb.kz 24/7 режимінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. Одан басқа, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес edd_nabrk@mail.ru электрондық поштасы арқылы кітаптарды электронды жеткізу мүмкіндігі бар. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтағы пайдаланушыларына арналған онлайн анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қолжазбалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды жиі әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алуда.

Источник: https://aikyn.kz/ulttyq-akademiyalyq-kitaphana-online-formatta-zhumys-istep-zhatyr/