«Online кітапхана» жобасы жалғасуда

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жалғастыруда. Жобаның кезекті онлайн дәрісі «Кiтапхана және ақпараттық қоғам» тақырыбына арналды. Онлайн кездесуге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.

Бақытжан Оразалиев кездесу барысында қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөнінде әңгімелеп берді.

Шараны «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог Нұржан Жолдыбалинов жүргізді. Ол бүгінгі қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі.

Сонымен қатар, кеше айтыскер-ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізілді. Ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқыды. Онлайн көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарға келесі қызметтерді онлайн көрсетеді. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК www.kazneb.kz 24/7 режімінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтықтағы пайдаланушыларына арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қолжазбалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды әлеуметтік желілер арқылы жиі насихаттауды қолға алып жүр.

Источник: https://egemen.kz/article/229695-online-kitapkhana-dgobasy-dgalghasuda

Ұлттық академиялық кітапхана онлайн кездесулер өткізуде

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Online кітапхана» жобасын жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы «КIТАПХАНА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ» тақырыбында әлеуметтік желі қолданушыларына онлайн дәріс өткізді. Онлайн кездесуде Л. Н. ГУМИЛЕВ атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғылыми ктапханасының директоры Бақытжан Оразалиев қатысты.

Бақытжан Оразалиев кездесу барысында қазіргі таңда кітапхана саласының дамуы, оның ақпараттық қоғамда алар орны және цифрлық технологияның кітапханаларға әсері, электронды кітапханаларға сұраныс қандай болу қажеттігі жөнінде әңгімелеп берді.

Іс шараны жүргізген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы, ақпараттық жүйелер бойынша маретолог Нұржан Жолдыбалинов болды. Нұржан Нұржанұлы қазіргі таңда қазақстандық кітапхана алаңындағы түрлендірілген ақпараттық бренд болып саналатын Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы жасаушылардың бірі.

Сондай-ақ, кеше ақын, Мәдениет саласының үздігі, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық және Республикалық айтыстардың жеңімпазы Мейірбек Сұлтанханмен «Кісіліктің кілті кітапта» атты онлайн кездесу өткізілді. Ақын кездесу барысында қазіргі айтысқа байланысты өз ойын айтып, өлеңдерін оқыды. Онлайн көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарға келесі қызметтерді онлайн көрсетеді. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана – ҚазҰЭК www.kazneb.kz 24/7 режимінде қызмет көрсетеді. Порталды әлемнің 100-ден астам елінен пайдаланушылар қолданады және таңдаған құжаттарын онлайн түрде оқи алады. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа порталға Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерінен пайдаланушылар көптеп кіреді. Одан басқа, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы ҚР Заңына сәйкес edd_nabrk@mail.ru электрондық поштасы арқылы кітаптарды электронды жеткізу мүмкіндігі бар. «Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты ҚР ҰАК-ның қашықтықтағы пайдаланушыларына арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Аталған қызметтер күнделікті қабылданады және түскен ретімен 3-5 күнде орындалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ауқымды онлайн жобаларымен, қордағы сирек және құнды қоьжазьалармен, Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы мен Балалар кітапханасының онлайн жобаларымен таныстырып, кітап оқуды жиі әлеуметтік желілер арқылы насихаттауды қолға алуда.

Источник: https://qazaquni.kz/2020/04/15/112546.html

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ТУРАЛЫ
20 ДЕРЕК

  1. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
  2. Кейбір деректерде Шәкәрімнің шын есімі «Шаһкәрім» деп беріледі.
  3. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін сабақ пен тәлім алады.
  4. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
  5. Жеті жасында әкесі Құдайберді қайтыс болып, жетім қалады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «Қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап Абайдың тікелей тәрбиесінде болып, өлең сөзге бейімділігін танытады.
  6. 20 жасында елінде болыс болады. 1881 жылы Абайдың ақылымен болыстықты Оспанға өткізеді.
  7. 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті.
  8. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Сол сапарда жинаған мағлұматтар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ хандар шежіресі» кітабын жазады.
  9. 1909-1910 жылдары ақын елден жырақтап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Ол елсіздегі қорада жалғыз жатады. Бар шаруасын өзі істейді.
  10. Домбыра тартып, гармоньда ойнаған. Ән айтып, саятшылық құрған, сурет салып, өмірін ғылымнан өзге осындай өнер түрлеріне арнаған.
  11. Өзі ән айтумен қатар 14 жасынан бастап ән шығара бастады, түрлі аспаптарда ойнауы былай тұрсын, ағаштан ойып мандалин, қобыз сынды аспаптарды жасады, қолданбалы өнермен шұғылданып, тіпті киім тікті.
  12. 73 жасында ақын жазалаушылар атқан оққа ұшырайды. Бұл сұмдық уақиға 1931 жылы 2 қазан күні болған. Шәкәрімнің денесі жапандағы құр құдықта көмусіз отыз жылдай жатады. Кейін ғана, жазалаушы отрядтан аман қалған Ахат деген ұлы, Шәкәрімнің денесін арулап, дұғасын оқып, жерлейді деген дерек бар.
  13. «Халық жауы» ретінде айыпталып, бірнеше жыл бойы шығармаларын оқуға тиым салынады. Тек 1988 жылы ғана ақын есімі толық ақталды.
  14. Тап сол жылы-ақ (1988 ж.) қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды.
  15. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сынды дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. Сондай-ақ, «Қазақ айнасы», «Үш анық», «Мұсылманның шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» шығармалары жарық көрді.
  16. Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Шығармаларын қазақ тіліне аударды.
  17. Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған.
  18. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Оның «Музыкалық этнография» атты жинағының ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді.
  19. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен көпке танымал әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.
  20. Бүгінде Семейде «Шәкәрім» және «Шәкәрім әлемі» атты екі бірдей журнал жарық көреді. — с Умутхан Муналбаевой и Оңай Мырзағалиевой.

МАҚАЛ-МӘТЕЛ

Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).

Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

НАҚЫЛ СӨЗ

Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол – көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші – алтын, сырты – күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, өнегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тұтас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге құрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең көлемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да өсиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен кезеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, сол арқылы күреске тұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық көрінбей қалған жоқ. Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз көркем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр кез қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр күйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Басқа емес, дәл осы тарихи шындық Ұлы ақынды поэзияның озық үлгілерін жасауға үнемі бой ұрғыза отырып, заманның өрісі жеткен әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры – надандыққа соққы беруге бастап әкелді. Мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың ұзақ ғасырлық самарқаулықпен керітартқан, өмірдің басқа да жақтары, жолдары бар деп білмеген түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой ұрғызды. Осы тұрғыда Абайдың нақыл сөздер ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік т. б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас формасы, айнымас мазмұн тапқан үлгілері. Абай нақыл сөздернің тақырыбы – оның тұтас шығармасына тән дүниелер. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Ақын шығармаларындағы нақыл сөздерді: өнер-білім, тәрбие, еңбек туралы; достық, адамгершілік, сүйіспеншілік туралы; адам мінездері туралы; философиялық; өнер туралы деп жіктеп, топтастыруға болады.Нақыл сөздер: Қарға тамырды қазақпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

Өз жұрттың – күңшіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың.

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.