«Туған жерге тағзым» Мемлекеттік кітапханалардың үйлестіру-әдістемелік орталығының 2020 жылға қысқаша есебі 2020 жылы 4 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан «Туған жерге тағзым» Мемлекеттік кітапханалардың үйлестіру-әдістемелік орталығы құрылған болатын. Республикалық қозғалысын өзектендіру мақсатында республикадағы кітапханалар өлкетану жұмыстарын жандандырып, жас ұрпақтың патриоттық сезімін тәрбиелеуде, өлкеден шыққан белгілі тұлғаларды насихаттап, олардың еңбектерін жинақтап, түрлі көпшілік іс-шараларды ұйымдастырды. Есепті кезеңде өңірлерде осы бағдарлама аясында 9366 шара өткізіліп, 876049 келушілерді қамтыған. Есепті кезең карантин кезіне сәйкес келгендіктен шаралардың көпшілігі онлайн түрінде ұйымдастырылып, көпшілікке әлеуметтік желілер арқылы таратылған. Өңірлердің осы бағдарлама аясында ұйымдастырған шараларының түрлері әр түрлі форматта өтті. Жаңа технологияны қолдана отырып виртуальды көрмелерден бастап, бейнежазбалар, онлайн кездесулер, оқырман конференцияларын ұйымдастырып, әдістемелік құралдар шығару, өлкелік базалар құру, оны толықтыру, жүргізу, басылымдар шығарумен айналысқан. Сыйға тартылған қорлар: есепті кезеңде «Туған жерге тағзым» бағдарламысы аясында облыс кітапханалар базасына өңірден шыққан белгілі тұлғалардың сыйға берген жеке кітапханасы және қорлар саны –36148 дананы құрады.