Қадірлі оқырман! Ұлттық академиялық кітапхана қоры тағы бір кітаппен толықты. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында жарық көрген Абайдың “Өлеңдер, аудармалар, поэмалар” атты жаңа кітабын оқуға кеңес береміз. . Жинақта хакім Абайдың өлеңдері, аудармалары мен поэмалары жинақталған. Абай. Өлеңдер, аудармалар, поэмалар. Алматы: Атамұра, 2020 ж.-288

Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабековтің “Қарғын” романы, қазақтың ең үздік романдарының бiрi. Шығарма бүгінгі күн тақырыбына арналған. Аталмыш кітаптағы ұндағы кейіпкерлер үздіксіз даму, іздену үстіндегі күрделі бейнелер. Құрметті оқырмандар, Дулат Исабековтің аталған шығармасына kazneb арқылы қол жеткізуге болады. http://kazneb.kz/bookView/view/…

Бүгін швед өнертапқышы НОБЕЛЬ Альфред Бернхардтың дүниеге келген күні! Ол Лондон корольдік қоғамының және Швед ғылым академиясының мүшеі және кәсіпкері болған. Швецияның Стокгольм қаласында өмірге келді. Ғалым 1864 жылы күркіреуік сынапты капсюль-детонатор жасайды, ал 1867 жылы динамит жасау жұмысына патент алып, оны көптеп шығаруға кіріседі. Сөйтіп орасан зор байлыққа ие болады. Өзі қайтыс боларының алдында өсиет қалдырып, артындағы мұрасының өсімінен жыл сайын ғылым мен мәдениеттің аса зор жаңалықтарына сыйлық тағайындауды өтінеді. Осылайша Нобель атындағы халықаралық сыйлық пайда болды.Бүгін швед өнертапқышы НОБЕЛЬ Альфред Бернхардтың дүниеге келген күні! Ол Лондон корольдік қоғамының және Швед ғылым академиясының мүшеі және кәсіпкері болған. Швецияның Стокгольм қаласында өмірге келді. Ғалым 1864 жылы күркіреуік сынапты капсюль-детонатор жасайды, ал 1867 жылы динамит жасау жұмысына патент алып, оны көптеп шығаруға кіріседі. Сөйтіп орасан зор байлыққа ие болады. Өзі қайтыс боларының алдында өсиет қалдырып, артындағы мұрасының өсімінен жыл сайын ғылым мен мәдениеттің аса зор жаңалықтарына сыйлық тағайындауды өтінеді. Осылайша Нобель атындағы халықаралық сыйлық пайда болды.

Мен қарапайым қарттарды сүйем Мұқағали Мақатаев Мен қарапайым қарттарды сүйем, He деген керім еді! He біледі осы жұрт, не біледі?! Бабалардың баласы – қариялар Сиреп бара жатқандай көрінеді. Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар, Ұрпағыңа не айтасың артта қалар? О, тірі шежірелер, қалдырыңдар, Қанеки, нелерің бар салтқа жарар? Қанеки, нелерің бар, Аталарым? Ұрпағыңа ұран қып апарамын. Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да, Сендердің мұрагерің атанамын. Осылай деп қарттардан қалап келем, Өнеге, өсиетін санап көрем. Санап көрем… тоймаймын… сұранамын, Себебі мен де бір күн жауап берем. Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін, Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің!? Сондықтан да садақ боп иілемін, Сауыт болам, тек қана киіне біл.