2020 жылдың 15 қараша күні Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде «Абай» ақпараттық-мәдени орталығын ашу аясында Абай Құнанбайұлының араб тіліндегі кітабының тұсаукесері мен «Абай және рухани мұра» атты халықаралық кітап көрмесі болып өтті. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасының Елшілігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының араб тіліндегі кітабының тұсаукесері мен «Абай және рухани мұра» іс-шара салтанатты түрде ашылды. Орталық Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифтің қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шараның міндеті – қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына үлес қосу, Абай шығармаларын оқу мәдениетін қалыптастыру, ақын мұраларын шет елдердегі ғалымдардың зерттелуіне және ғылыми еңбектердің көптеп жазылуына әсер ету.

Bookmark the permalink.

Comments are closed.