Бүгінде Абай Құнанбайұлының әлемнің 44 тіліне аудармалары белгілі. Мысыр Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде «Абай» ақпараттық-мәдени орталығын ашу аясында Абай Құнанбайұлының араб тіліндегі кітабының тұсаукесері мен «Абай және рухани мұра» атты халықаралық көрмеге Қазақстан және Мысыр тарапынан бірнеше делегация мүшелері қатысты. Іс-шараға Мысыр Араб Республикасының саяси және мәдени элитасы өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Олардың ішінде Конституциялық соттың төрағасы Саид Мерей, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Адэль аш-Шариф, Әділет министрі Омар Марауан, Ақпарат министрі Осама Хайкал, Бас прокурор Хамада ас-Сауи, сонымен қатар әлемнің 20 елінің Елшілері (ТМД, Еуропа, Африка) және Қазақстандық делегация өкілдері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Кенжехан Слямжанұлы Матыжанов, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Журналистика Академиясы мен Ұлттық академия жоғары мектебінің корреспондент-мүшесі Бауыржан Жақып, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева және т.б. қатысты.

Bookmark the permalink.

Comments are closed.