Бейбарыс бабамыз туралы 7 дерек 1. Жамақұлы Бейбарыс (1223–1277) қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы. 2. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен. 3. Бейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Өкпе-реніштен таққа жаңа отырған Құтұз сұлтанды өлтіреді, сөйтіп әд- Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына отырады. 4. Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. 5. Бейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады. 6. Бейбарыс Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Алтын Орда ханы Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады. 7. 1277 жылы Бейбарысты уәзірі қыпшақ Қалауын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Дамаскідегі Баб-әл-Барид зиратына қойылды. Осылайша Бейбарыс сұлтан мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырып, Мысыр мен Сирияны «крестілер жорығы», моңғол шапқыншылығынан қорғап қалды.

Bookmark the permalink.

Comments are closed.