Мемлекет тарапынан жастарға мол сенім артылып отыр. Бұған Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әр жылдарда Қазақстан халқына арнаған жолдауларында жастар мәселесіне арнайы тоқталуы дәлел бола алады. Жастардың тұлғалық қалыптасуын, кәсіби шыңдалуы мен әлеуметтік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін мемлекет тарапынан бірнеше бағдарламалар қолға алынған. Солардың қатарында «Болашақ», «Серпін», «Дипломмен ауылға», «Жас отбасы», тағы да басқаларын атауға болады. Қазақта «Жас келсе іске!» деген сөз бар. Олар мемлекет пен қоғамымыздың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді. Жастардың отандық білім беру мен ғылым саласында да біршама жетістіктерге қол жеткізіп отырғандығы аян. Алда келе жатқан Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!

Bookmark the permalink.

Comments are closed.