1.Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Н. Нұрмақовтың 125 жылдығына арналған «Туған халқының қайтпас қаһарманы» – Облыстық  буктрейлер байқауы Н.Нұрмақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мақсатында Қарағанды облысы кітапханаларының жас мамандары арасында өтті.

«Кеңес Жұмабеков» кітабын құрастырушы С.Батырханмен кездесу Онлайн кездесу Тікелей эфирде «Кеңес Жұмабеков» кітабын құрастырушы С.Батырханмен актер Кеңес Жұмабековпен кездесу өтті.

«Шаңырақтан – шартарапқа!» Онлайн концерт Өзгеше форматта өткен бұл концертке жас ақындар, әншілер, айтыскер ақындар қатысты.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ж. Бектұровтың кабинет – мұражайы Бейне экскурсия  Ж. К. Бектұровтың мұражай-кабинет экспозициясы туралы бейне шолу.

Вадим Ким және  Анна Строковамен кездесу  Онлайн кездесу Қарағандылық ақындардармен кездесу өтті. Инстаграм  @bekturov_library.

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайыкітапханасы «Алаштың арқалы ақыны» (С. Ақсұңқарұлы – 70 жас) Онлайн- жыр-шашу Оқырмандар Серік Ақсұнқарұлының өлеңдерін оқыды.

«Арқаның ақиық ақыны» (С. Ақсұңқарұлы – 70 жас) онлайн- шолу Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығын талдау жасалып, ақын туындыларымен таныстырылды.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы «Менің отбасымдағы Жеңіс күні» Виртуалдық акциясы Патриоттық тәрбие беру, отбасы архивтерін, естеліктерді зерттеу, балалар мен ата-аналарды ұрпақтардың байланысын құрайтын отбасы тарихын сақтау дәстүрлеріне тарту.

«Қауырсын қалам» әдеби клубы Эстафета. Қарағанды қаласының оқушылары мен студенттері арасындағы өздері жазған жеке туындыларын бейнеоқуы өтті.

Ақтоғай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.«Ақтоғайлық қос қыран» Буктрейлер  Жерлесіміз, өлкетанушы Т.Ақпанбаеваның кітабын насихаттау мақсатында.

Балқаш қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. «Кітап – табысқа апарар дара жол»  Онлайн кездесу  Мәдениет саласының ардагері, кітапханашы мамандығына ұзақ жылдар жемісті және шығармашылық еңбек еткен Искакова Роза Ғылымжанқызымен кездесу ұйымдастырылды.

Жезқазған қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. «Өлең бердің, Тәңірім» Челлендж  Өлке ақыны С.Накеновтің өлеңдері бойынша челлендж ұйымдастырылды. Осакаров орталықтандырылған кітапханалар жүйесі. «Ел тағдыры – жер тағдыры» Онлайн-проект Осакаров ауданының Сұнқар ауылының тарихына арналған.

Comments are closed.