Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» Қасым Аманжолов оқуларын 2011 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Қасым оқулары – жастардың бойындағы патриоттық сезімді нығайтып, жаңа есімдерді анықтап оларды жұртшылыққа таныстыратын бірегей жоба.

Аймақтық, облыстық деңгейде бастау алған шара 2018 жылдан республикалық ауқымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты:

  • «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, жастарды қолдау;
  • Ақын Қасым Аманжоловтың әндерін орындау – жастарды Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу. Қасым мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау;
  • Жырға әуестігі бар жастарды Қасым жырларын қамти отырып, ақындыққа баулу.

«Qasym» сериясы – Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өткізетін дәстүрлі Қасым Аманжолов оқуларының нәтижесі:

  • 2018 жылы «Qasym» сериясының I кітабы көрнекті ақын-жазушыларының дауылпаз ақын Қ.Аманжоловқа арналған жырлары топтастырылған өлеңдердің жинағы жарық көрді;
  •  2019 жылыжарық көрген «Qasym» сериясының II кітабында Қ.Аманжолов жайлы танымал қаламгерлердің естеліктері, зерттеушілердің ғылыми мақалалары, әр жылдары жарық көрген құнды дүниелер топтастырылған.

1. Қасым: арнаулар. 1 кіт. / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; ред. А. Мырзахмет; алғы сөз авт. С. Сағынтай. – Қарағанды: Мағжан, 2018. – 150 б.

2. Қасым: Естеліктер мен ғылыми-сыни мақалалар. 2 кіт. / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. А. Мырзахмет; алғы сөз авт. А. Мырзахмет. – Қарағанды: Мағжан, 2019. – 332 б.

Comments are closed.