«Жетістік формуласы» бенефис шоуы

Жобаның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан Қарағандылықтардың нақты оқиғаларының мысалында табыс, мотивация, бәсекеге қабілеттілік және білімге табыну идеяларын алға жылжыту.

Жобаның міндеттері: Қала мен облыста кітапхана мен оқудың жағымды бейнесі мен беделін қалыптастыру; қаланың барлық әлеуметтік топтарының, қоғам қайраткерлерінің назарын оқу проблемаларына аудару; Қарағанды облысының танымал адамдарымен танысу барысында балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге жәрдемдесу; балалардың ой-өрісін және шығармашылық қабілеттерін арттыру, олардың әртүрлі кәсіптер мен мамандықтарға деген қызығушылықтарын қалыптастыру; балалар кітапханасын пайдаланушылардың шеңберін кеңейту; қаладағы балалар кітапханасының рөлі мен мәртебесін арттыру.

«Жетістік формуласы» – бұл диалог түріндегі қарым-қатынас, онда оқушы-оқырман өскелең ұрпақ үшін лайықты үлгі болып табылатын Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының танымал және құрметті тұлғасына сұрақ қоя алады.

Мейман – мансабында, шығармашылық қызметінде белгілі бір жетістіктерге жеткен, кәсіби білімі бар, социумда белгілі бір орын алатын ересек адамды құрметтей отырып, балалар өздерін толғандыратын түрлі сипаттағы сұрақтар қояды.

Басты шарт – бұл қонақ-біздің жерлесіміз Қарағандылық. Әр түрлі сұрақтар шеңбері: құндылық бағдарлар, балалық шақ, оқу, білім беру, хобби және т. б.

2018 жылдан бастап Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Туған жер» арнайы жобасының республикалық жобалар тізіміне енді.2019 жылы жоба «Жетістік формуласы» атты бағдарламаның телевизиялық нұсқасына айналды. Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасымен ынтымақтастық 8 «Жетістік формуласы» телебағдарламасын құруға ықпал етті.

Comments are closed.