Ауылым – алтын тұғырым жобасы

Нұр-Сұлтан қ., 2020 жыл

Мазмұны

1. Паспорт
2. Кіріспе
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Күтілетін нәтижелер

 1. Паспорт

Атауы: «Ауылым – алтын тұғырым» тұжырымдамасы

Негізгі әзірлеуші: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

Тұжырымдаманы әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы жанындағы Балалар кітапханасы және басқа да шығармашылық одақтар тартылды.

Негізгі орындаушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстанның жергілікті ауылдық мектептер(келісім бойынша).

Іске асыру мерзімі: 2020 -2021 жылдар.

2. Кіріспе

Осы «Туған жерге – тағзым» жобасын дамыту аясында «Ауылым – алтын тұғырым» атты көркемсуретті альманахты даярлау тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын қолдап «Туған жерге туыңды тік» атты бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік мақаласына негізделеді.

Тұжырымдаманың басты қағидаттары:

  1. Негізгі бағыт – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы;
  2. «Туған жерге – тағзым» жалпыұлттық патриоттық идеяның негізінде  – Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерді көркейтуге жаңашыл оймен бөлісуге, жасөспірімдерде рухани құндылықты түлетіп, жаңғырту жолында ойлар мен бастамаларды санаға және ерік-жігерге салу;
  3. Туған жердің мәдениеті мен руханиятына айрықша ат салысу арқылы шынайы патриотизмнің маңызды бағыты –  Қазақстанның іргесін берік, тұғырын биік ұстау  – ұлттық мәдени танымдық және тәрбиелік маңызға бай ауылдарда рухани құндылықтарды дамыту;
  4. Қазақстанның әр өңірінде әр ауылда туған әрбір жасөспірім өзінің өскен жері туралы көркем шығарма (эссе, әңгіме-хикаят) жазу арқылы Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісін жасайды. Туған жердің әлеуметтік мәселелеріне ден қойып, ауылдың хал-ахуалына мән беретін тұщымды оймен бөліседі және ауылды рухани жаңғыртуға қосатын үлесі ретінде арман-тілектері мен атқаратын мақсат-мүдделерін ортаға салу;
  5. Әрбір жасөспірім Туған жердің әсем табиғатын сырлы бояумен бейнелеу арқылы туған ауылдың, тау мен көлдері,ой-қыраттарын онда мекендейтін жан-жануарлары мен өсімдіктерінің суреттерін салу арқылы ауылдың ерекше табиғат көрінісімен байқауға түседі.

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескеріледі. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланады.

Тұжырымдама қазақстанның барлық өңірлерінде рухани жаңғыру тетігі: ынтымақтықты нығайту мен дамытуға бағытталған барлық мәдени-рухани  шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және жергілікті атқарушы мекемелер осы Тұжырымдаманы, сондай-ақ «Туған жер» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы жарты жылдықта бер рет көркем альманахтың шуғына есеп береді.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

  • Қазіргі таңдағы жас өркендердің ақыл-ойына құрылған өркениетті ауыл көрінісін алға шығару.
  • Ел қадірін түйсіну арқылы туған жерде салихалы ұрпақ жалғасымын табу.
  • Ауылды көркейтуге жас ұрпақтың өзіндік үлесін айшықтау.
  • Әрі жас өскелең ұрпақтың жасампаздық жаңашылығын қолдау арқылы ұлттық таным мен талғамды өрістету болып табылады.

Міндеттері

  1. Республика деңгейінде әрбір ауылдың жас өркен өспірімдері ауыл туралы эссе және сурет салудан байқау өткізеді.
  2. Үздік шығармалар мен майлы бояулы кескіндемелер көркемсуретті альманахқа жарты жылда бір рет жарияланады.
  3. Жас өскелең ұрпақтың аманаты баспа бетінен әрі қарай жүзеге асуына алғышарттар қалыптасады.

Күтілетін нәтиже

«Туған жерге – тағзым» – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын үрдіс. Туған жерге, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Патриотизм туған жерге сүйіспенішіліктен бастау алады. Әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Туған жерді қастерлеу үрдісі тұрғылықты қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Қоғамның атамекен алдында өлшеусіз махаббатын, оның ішінде туған жерге ыстық ықыласын айшықтап, бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстанды ардақтау». Бұл туған жерді таңдаудың мәнін ұғыну – ұпақтан-ұрпаққа алмасып отыратын «елдік сана» желісін қамсыздандыру. Туған жерді ардақтаудың парыз саналуы, туған жердің табиғатын аялау және қоршаған ортаны қорғау жүзеге асады. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында жарияланатын «Ауылым – алтын тұғырым»  көркемсуретті альманах әрбір өңірге, ондағы ауыл кітапханаларына таратылады.  Барлық келіп түскен жұмыстар әлеуметтік желілерде Facebook, Instagram, nabrk.kz сайтында жарияланады.

Дайындаған: Оқырмандарға қызмет көрсету және тіркеу қызметі Көркемәдебиет абонементі сектор жетекшісі: Ауенкулова Г.Т.

Comments are closed.