Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

«Туған ЖЕРге тағзым» жобасының аясындағы

«жақсыдан үйрен» еріктілер орталығының тұжырымдамасы

Нұр-Сұлтан 2020


Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.    
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан

Түсініктеме

Өзектілігі.

Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және осы бағытта атқарылып жатқан нақты істерді халық арасына насихаттау, түсіндіру, ұлттық құндылықтардың сақталынуы мен дәріптелуі сынды басқа да мәселелерді қарастыратын арнайы алаң ашу қажеттілігі туындап отыр.

Ел болашағы жастарда екендігін ескерсек, олардың жан-жақты жетіліп дамуына жағдай жасаудың қажеттілігі аңғарылады. Бұл тұрғыда Ибраһим Құнанбайұлының «толық адам» концепциясындағы негізгі түсініктер мен сипаттарды жастарымыздың бойына сіңіру қажеттілігі анық.

Жобаның форматы: балалар мен жастарға арналған еріктілер орталығын құру.

Мақсаты – балалар мен жастардың рухани тәрбиемен сусынданатын, жастардың тәлім-тәрбиесі мен күнделікті өмірге бейімделуге ат салысу. Жас еріктілерден құралған арнайы орталығын – клуб ашу арқылы кітап оқу мәдениетін көтеру.

Міндеттері:

– балалар мен жастардың оқу талғамы мен танымын кеңейту;

– балалар мен жастардың бойына білімнің салтанат құруы мен сананың ашықтығы және т.б. өзекті құндылықтарды сіңіру;

– қоғамның рухани жаңғыруындағы ұлттық сананың өзгеруіне оң ықпал ету;

– тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрге деген жаңаша көзқарасты қалыптастыру;

– ұлттық бірегейлікті нығайтуға септігін тигізетін рухани құндылықтарды насихаттау.

Жоба аясында орындалатын іс-шаралар:

  • жастардың еріктілер слетін ұйымдастыру;
  • кітапханалық квилт;
  • белгілі ғалымдар, ақын-жазушылармен, оқу-ағарту, экономика, IT-технологиялар саласында жетістікке жеткен тұлғалармен сыр-сұхбат өткізу;
  • кәсіби-шеберлік сабақтарын өткізу;
  • балалар мен жастардың арасында әртүрлі тақырыптық сайыстар өткізу.
  •  

Күтілетін нәтижелер

Бұл орталықта өскелең ұрпақ өзіне деген сенімінің пайда болуы мен өзін-өзі рухани жағынан толыққанды қамтамасыз ете алуын үйренеді. Жас буын өзін жақсы тануға, өмірдегі мақсаттарын түсініп, оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілікті алуды үйренуге жағдай жасап көмектеседі.

  1. «Жақсыдан үйрен» еріктілер клубы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының негізінде ашылады;
  2. Балалар мен жастар арасында ұлттық құндылықтар мен әлем жетістіктерін насихаттау, түсіндіру және осы бағытта ғалымдар мен ақын-жазушылар, т.б. арасындағы бір-бірімен ой-пікір алмасу алаңы пайда болады;
  3. Жас буын арасында оқу мәдениеті жетілдіріледі;
  4. Олардың білімдік-танымдық деңгейі көтеріледі;
  5. Балалар мен жастар еркін ойлау, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы сынды тұлғалық қасиеттері дамытылады;
  6. Балалар мен жастардың тарихи-мәдени мұраларға деген қызығушылығы артады;
  7. Олардың интеллектуалды – ақпараттық біліктілігі жетілдіріледі.

Тұжырымдаманы дайындаған:

Ақтайлақ Б.Б.

Comments are closed.