Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

«Туған ЖЕРге тағзым» жобасының аясындағы

«Кәусар» оқу орталығының тұжырымдамасы

Нұр-Сұлтан 2020

Тұжырымдама

Өзектілігі

Жаһандану проце­сінде ел мен елді, ұлт пен ұлыс­ты сақ­тау­дың қайнар көзі – ұлттық өрке­ниет­тің дамуы мен нығаюына ық­пал ету болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда қазақы болмысқа тән емес оқиғалардың орын алуы адамзат­қа тән құнды­лық­тарды сақтауға мән бермеу нәтижесі екені белгілі. Осы келеңсіз мәселелерді шешу жолдары рухани әлеуетте яғни қоғамды ізгілендіру, Ұлы даланың рухани мұрасын насихаттау арнасында жатыр. Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және осы бағытта атқарылып жатқан нақты істерді халық арасына насихаттау, түсіндіру, ұлттық құндылықтардың сақталынуы мен дәріптелуі сынды басқа да мәселелерді қарастыратын арнайы оқу орталығын ашу қажеттілігі туындап отыр.

Ел болашағы жастарда екендігін ескерсек, олардың жан-жақты жетіліп дамуына жағдай жасаудың қажеттілігі аңғарылады. Бұл тұрғыда Ибраһим Құнанбайұлының «толық адам» концепциясындағы негізгі түсініктер мен сипаттарды жастардың бойына сіңіру қажеттілігі айқын көрініс табады.

Тұжырымдама қағидаттары:

  • Ұлы даланың рухани мұрасын, тағылымды тарихын, тамырын тереңнен тартар шежіресін қазіргі заманмен сәт­ті сабақтастыру;
  • рухани қорымыздан шашау шығармай, өз рухани деңгейінде барлық игіліктерді игере білу;
  • жаһандану жағдайында ұлт­тық руханиятымыз бен мәдение­тіміздің даму бағытын өркениет­тік үлгіде қалыптастыру;
  • руханиятты ұлт болашағы үшін тиімді пайдала­ну;

Жобаның форматы: Оқу орталығын құру.

Мақсаты – Жастардың рухани әлеуетін көтеру, жастардың ақпараттық қоғамда мақсат-мүдделерін айқындау, білім мен ғылымды өркендетуге ат салысу. Жастардың оқу орталығын – «Кәусар» оқырмандар клубын ашу арқылы кітап оқу мәдениетін көтеру.

Міндеттері:

– жастардың оқу талғамын қалыптастыру таным көкжиегін кеңейту;

– жастардың түп санасында ғылым мен білімнің ашықтығы және ұлттық құндылықтарды сіңіру;

– қоғамның рухани жаңғыруы мен рухани сауығуына оң ықпал ету;

– мәдени әрі тарихи тәжірибеге негізделген игі көзқарасты қалыптастыру;

– ұлттық бірегейлікті нығайтуға септігін тигізетін рухани құндылықтарды насихаттау.

Жоба аясында орындалатын іс-шаралар:

  • “Ғұлама құбыласы” атты студенттердің «Туған жер» тақырыбында үздік ғылыми мақалаларының байқауы;
  •  «Ұлттың мәдени коды» атты «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен шыққан кітаптарды насихаттау;
  • «Елорда мерейі» жас таланттарды қолдау әрі өркендеу онлайн-платформасы;
  • «Арман қала – аңыз қала» өлкетанулық квест ойыны;
  • Атаулы күндерге оқырмандар конференциясын өткізу;
  • Сүйікті кітап туралы сыр-сұхбат өткізу.

Күтілетін нәтижелер

Бұл орталықта жастардың әлем жадында қазақы бейне­сін қалып­тас­тырған Абай Құнанбайұлы бастау алатын Алаш арыстары және Мұхтар Әуезов, Әнуар Әлімжанов, Зәки Ахметов, Әбіш Кекілбайұлы, Дүкенбай Досжан, Әкім Тарази, Тұрсынбек Кәкішев, Нұрғожа Ораз, Кеңес Нұрпейісов, Сәбит Досанов т.б. алып арыстардың жаратылысын танып, талдай отырып, ұлылықтың «өзіңді өле сүйіп», «өзгені құрметтеу» сезімі жатқанын, «өзіңді терең танып», «өзгені жатсынбау» принципі тұрғанын жаңа жас буын өкілдері тереңіне бойлай алуы тиіс.

ХХІ ғасырда елорданың зиялы қауымынан ақын-жазушылар Амангелді Кеңшілік, Қалқаман Сарин, Дәулеткерей Кәпұлы, Маралтай Райымбекұлы, Ерлан Жүніс тағы басқа танымал қаламгерлердің туындыларына терең бойлап, еліміздегі жазушылық өнердің оқырмандар арасында танымалдығын асыру.

 Бүгінгі таңдағы өзіңді-өзің тану, өзге әдебиет пен мәдениетті тану, оларды салыстырмалы түрде қарастыра отырып, өзіне деген сенімділік пен таным көкжиегінің пайда болуы және өмір қағидаттарына оң көзқарасты қалыптастыру арқылы өзіндік берік ұстанымды айқындау, өзін-өзі рухани жетілдіре отырып толыққанды адамды қамтамасыз ете алады. Жастар өзін жақсы тануға, өмірдегі мақсат-мүдделерін айқындап, оларды жүзеге асыру  жауапкершілігін арта білетін кітаптан ілім-білім алуға құштар өнерлі өрендердің сапасы артады.

  1. «Кәусар» оқырмандар клубы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ашылады;
  2. Жастар арасында ұлттық құндылықтарды игеру және әлемдік өркениет жетіктіктерін сараптайтын ой-пікір алмасу алаңы пайда болады;
  3.  Жастар арасында кітап оқу деңгейі көтеріледі: оның ішінде оқу талғамы мен оқу мәдениеті жетілдіріледі;
  4. Жастардың ғылымға құштарлығы оянады, бос уақытты тиімді пайдалану өзін-өзі жетілдіру деңгейі өседі;
  5. Жастардың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, түп сананың ашықтығы, сыни тұлғалық қасиеттері дамытылады;
  6. Жастардың тарихи-мәдени мұраларға деген құрметі мен рухани ұстаным кеңістігі артады;
  7. Оқырмандардың зияткерлік рухани біліктілігі жетілдіріледі.

Тұжырымдаманы дайындаған: Ауенкулова Г.Т.

Comments are closed.