Қазақстандық Кітапханалар Альянсы мүшелері және Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы мүшесі елдерінің қатысуымен

«Біздің Абай» – «Our Abai» жинақ басылымының

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Өткізу мерзімі: 1 наурыз – 10 тамыз 2020 жыл

2020 жыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің “Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан ” атты бағдарламалық мақаласында: “Абайды тану – бұл өзін-өзі сәйкестендірудегі адамды тану. Ал өзін – өзі сәйкестендіру және адамның ғылымға тұрақты дамуы, білім-болашақтың көрінісі. Бұл ұлттың интеллектісі. Осыған байланысты Абай сөзі ұрпақтың бағдары болуы тиіс”, – деп айтты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен қазақтың ұлы  ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық  мерейтойына  орай “Біздің Абай” – “Our Abai” жинағын басып шығаруды жоспарлап отыр. Бірегей поэтикалық жинақ Қазақстанда басылып шығарылады және міндетті көшірмелері Еуразия Кітапханалар Ассамблеясына мен Қазақстан кітапханалар Альянсы мүшелерінің кітапханаларына жіберілетін болады.

“Ұлы қазақ ақыны – Абай Құнанбайұлы” жинағына арналған материал тақырыбы. Әр автор мен қатысушы елге 3-5 өлең немесе эссе ұсыну ұсынылады. Материалмен бірге автор туралы қысқаша ақпаратты (50 сөзге дейінгі көлемде) және жақсы сападағы фотосуретті жіберу қажет. Көлемі-әр материалдың А4 форматында 1 беттен артық емес.  Барлық материалдар авторлық редакцияда басылып шығарылады. Орфография/грамматика үшін авторлар жауапты. Материалды беру мерзімі-2020 жылдың 1 мамырына дейін. Жинақ таныстырылымы Қазақстандағы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ірі іс-шарада болады және жинаққа кіретін авторлар осы  ауқымды іс-шараға тегін шақырылатын болады.

Қатысушылар:

Ақындар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және жастар. Қатысушылардың жасы шектеусіз.

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын, сондай – ақ Еуразия Кітапхана Ассамблеясына қатысушы елдердің тілдері.

Ұйымдастырушы:

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы

Серіктестер:

Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы

Қазақстан кітапханалар Альянсы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Comments are closed.