М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

«Автор және оқырман»жобасы.

Жобаның мақсаты: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өлке әдебиетін насихаттау, Ақмола өңірінде жазушылардың, тарихшылардың, қоғам қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, автор мен оқырмандар арасында байланыс орнату, өлкетану әдебиетімен қорды толықтыру.

Бурабай аудандық кітапхананың ұйтқы болуыменен «Автор және оқырман» атты жоба ашылды. Жобаға ақын Серікбай Әбілмәжін қатысып студент жастар мен кездесіп өзінің шығармашылығы жөнінде ойын өрбітті. Аталмыш жиынға елімізге танымал бірқатар ақындар қатысты. Аудиторияға жиналғандар ақынға өздерінің сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.

Орталық аудандық кітапханада Бұланды ауданынан келген, ақын, журналист Жайнарбек Зандыбайұлымен кездесу кеші болып өтті. Кездесу кеші барысында автор өз шығармашылығын таныстырып, рухты өлеңдерін оқып, алғашқы қалам ұстаған жылдарынан бастап бүгінгі шығармашылық жолымен ой бөлісті. Ақынды қолдап келген кешіміздің құрметті қонақтары Бұланды мәдениет үйінің директоры, автордың өмірде де, өнерде де досы Сәрсекеев Ернұр Сағатұлы гитарамен әсем ән шашу етсе, Бұланды аудандық мәдениет үйінің директорының орынбасары Кенжеғалиев Әлішер Жәнібекұлы автордың «Ойнамаңдар» өлеңін оқыды. Автордың шәкірттері жас ақын Тілек Серік ұстазының «Рухым қайда?» өлеңін оқыса, Бергенбек Азатбайұлы арнау орындап, керемет кештің шырайын келтірді.
Рухани кеш өте әсерлі, тәрбиелік маңызы зор болды. Оқырмандар сұрақтарын қойып,автор мен оқырман арасында ерекше жылулық, өзара байланыс орнады. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында авторлардың шығармашылығын сандық көшірмеге көшіру мақсатында авторлық келісім-шартқа қол қойылды.

Проект «Автор және оқырман».

Цель проекта: реализация государственной программы Елбасы Н.А.Назарбаева “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”, пропаганда литературы края, популяризация жизненного пути и творчества писателей, историков, общественных деятелей в Акмолинском регионе, установление связей между автором и читателями, пополнение Фонда краеведческой литературой

       27 сентября  в центральной районной библиотеке прошло открытие проекта «Автор және оқырман». В рамках проекта была организована вечер-встреча с поэтом Бурабайского края Серикбаем Абильмажиным, где читателей ознакомили с книгой «Саршатамыз», прочитаны стихи поэта. Оформлена книжная выставка, проведен литературный обзор. Гости вечера  обсуждали стихи и задавали вопросы по творчеству автора. На встрече также были известные поэты края Алмас Темирбай, Куаныш Оспан, Олжас Касым, Нурлан Хавдай, Бакытбек Кадыр.

          Также прошла встреча с поэтом, журналистом Жайнарбек Зандыбайұлы, который приехал из Буландинского района, рассказал о своей биографии, о своем творчестве, о рождении своих стихов, и о том, что его побудило взять впервые ручку и блокнот. Поэт читал свои стихи и отвечал на многочисленные вопросы. Поддержать поэта приехали его друзья: директор Дома культуры Буландинского района Сарсекеев Е., который исполнил песню на гитаре, зам. директора Кенжегалиев А. прочитал стихотворение поэта «Ойнамаңдар», ученик автора поэт Тілек Серік также прочитал его стихотворение «Рухым қайда?», поэт Бергенбек Азатбайұлы посвятил своему учителю арнау. Читатели библиотеки очень внимательно слушали любимые стихи в исполнении автора и гостей. Студенты высшего педагогического колледжа Акмарал Тілеген и Алимжанов Орынбек, сотрудница районной библиотеки Оразалина Махаббат выразительно прочитали стихи поэта Жайнарбек Зандыбайұлы. В рамках проекта „Цифровой Казахстан» подписаны авторские договора с целью переноса творчества автора на цифровую копию.

Comments are closed.