Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

«Аманат» әлеуметтік жобасы

Жобаның қысқаша мазмұны: Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Батыс Қазақстан облысының киелі жерлерінің тарихын анықтап,оқырмандардың қолында жүрген сирек қолжазбалар мен бұрын еш жерде жарияланбаған құнды кітаптарды жариялап,оқырмандардың өлке тарихына қызығушылығын тудыра отырып, тың деректермен кітапхана қорларын толықтыруды көздейді

І. Жобаның өзектілігі Мемлекеттік деңгейде қабылданып, жүзеге асырыла бастаған «Рухани қазына» бағдарламасы аясында облысымыздағы елді мекен, аудан, қала тарихы мен мәдениетіндегі маңызды, құнды деректерін, ұлттық болмысымызды айқындайтын рухани қазыналарымызды жинақтап, кітапхана, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе отырып, оқырмандарымыздың, жас ұрпақтың тәрбиесіне пайдалану, рухани жан-дүниелерінің жаңғыруына ықпал ету кітапханалардың алдына қойып отырған негізгі мақсаттары болып отыр.

Сондықтан қолға алынған жобаның өзектілігі – өлкенің тарихы, киелі жерлері, құнды қолжазбалары мен сирек кездесетін құнды әдебиеттерге сұраныс, өлкетану мәліметтерін жаңа деректермен толықтыру.

ІІ.Жобаның мақсаты мен міндеті

· Өлкеміздің тарихын, өткені мен бүгінгісін білуге құштар, өлкетану бағытында бағытында жұмыс жасай алатын шығармашыл кітапхана қызметкерлерін тарту,

· Кітапхана мамандары бойында мәдени мұраларымызды тану, оларды зерттеу арқылы ұлттық болмысымызды қалыптастыру;

· Жаңа технологияларды пайдаланып, өлкеміздің мұраларынан құралған электрондық мәліметтер базаларын жинақтау,

· Облысымыздың түпкір – түпкіріндегі бұрын белгісіз киелі орындарының тарихы мен орналасқан жерін (картасын)тағы басқа құнды жәдігерлер туралы ақпарат жинақтау, сирек қолжазбаларды тауып, кітап мұражайының қорын толықтыру.

· Кітапханашылардың, оқырмандардың тарихымызға, мәдениетімізге, ұлттық дәстүрімізге, бабадан қалған мұраларымызға қызығушылығын қалыптастыру;

· Өлкеміздің тарихын жинақтау, өлке тарихымен айналысатын айналысатын жандарға ақпараттық қолдау көрсету.

ІІІ. Жобаны іске асыру тетіктері

– Өлке тарихына, табиғатына қатысты жаңа жобалармен жұмыс істеу, өлкетанушы шығармашыл жастарға ақпараттық қолдау көрсету;

– Жаңа технологиямен дайындалған жоба талаптарына сай мультимедиялық құрал, фото – альбом, мәліметтер базасы, дыбысталған мағыналығы жоғары бейнебаяндар;

– Кітап көрмесі (қолжазбалардан, оқырмандар қолында жүрген сирек кездесетін кітаптардан, латын қарпімен жазылған құжаттар т.б.);

– Дыбысталған мультимедиялық құралдар;

– Толықмәтінді, библиографиялық тізімі берілген мәліметтер базасы;

ІV. Жобаның жүзеге асыру мерзімі және орны

– 1-кезең. Наурыз-маусым

– 2-кезең. Шілде-қазан Ауылдар, аудан орталықтары.

– Қорытынды кезең 2019 жыл қараша айы Орал қаласы.

V. Жобаға қатысушылар

– Жобаның жетекшісі, оқырмандар , кітапхана мамандары (жеке немесе топ болады)

– Жобаға әрбір ауылдық, аудандық, қалалық кітапхана қатысады.

ҮІ. Күтілетін нәтиже:

– Әрбір ауданның тарихы мен мәдениетіндегі жаңа, маңызды, құнды деректер жинақталады.

– Толықмәтінді, өлке тарихына қатысты жаңа мәліметтер базасы жасақталады.

– Өлке тарихына, өлке жадына қатысты мультимедиялық құралдар мен слайд – панорамалар, цифрлық құжаттар, альбомдар дайындалады.

– Кітапханалардың бұқаралық , мәдени және әлеуметтік ұйымдармен байланысы нығайтылады.

– Өлкетану қоры жаңа құжаттармен, деректермен толығады.

2. «Бір көше- бір тарих» кітапханалық жобасы

Мақсаты мен міндеті:  Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи, мәдени және рухани мұрамызды насихаттау. Жас ұрпаққа қала көшелеріне есімі берілген тұлғалар, атаулар арқылы еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін терең таныстыру арқылы кітапханаға, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру. Белгілі тұлғалар жайлы толық мәліметтер іздестіріп, жүйелеп жинақтау, баспа материалдарын ұсыну, тақырыпқа қатысты тың дүниелерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялау;

Жобаның мазмұны: Жобаны іске асыруда көше атауына байланысты деректерді жинақтай отырып, әртүрлі жаңа форматта іс-шаралар өткізу.

Көшеге есімі берілген тұлғаның өнегелі өмірі мен соңына қалдырған шығармашылығы, ерлік ісі, еңбегі, қайраткерлігі, мұрасы тағы да басқа ізгі істерін таныту және насихаттау;

Кітапханалармен, түрлі қоғамдық, мемлекеттік ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, көше атауына қатысты белгілі тұлғаның туған жерімен байланыс жасап, жан-жақты терең мағлұмат беру.

Жобаның өткізілу тәртібі:

Дайындық кезең:

-көшенің атауын анықтау;

– көше атаулары жөнінде мәліметтер жинақтап, бағдарламаны дайындау.

– бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама жасау.

Негізгі кезең: Бағдарламаны жүзеге асыру, жоспарланған шараларды ұйымдастыру, өткізу.

Қорытынды кезең: «Бір көше- бір тарих» кітапханалық жоба аясында өткізілген жұмыстардың қорытынды шарасын ұйымдастыру. Жоба Орал қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірлесе ұйымдастырылуымен жүзеге асырылады.

Comments are closed.