«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» жоба

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» жобасы

Қасым оқулары – жастардың бойындағы патриоттық сезімді нығайтып, жаңа есімдерді анықтап оларды жұртшылыққа таныстыратын бірегей жоба.

Аймақтық, облыстық деңгейде бастау алған шара 2018 жылдан республикалық ауқымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты:

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, жастарды қолдау;

Ақын Қасым Аманжоловтың әндерін орындау – жастарды Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу. Қасым мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау;

Жырға әуестігі бар жастарды Қасым жырларын қамти отырып, ақындыққа баулу.

«Qasym» сериясы – Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана өткізетін дәстүрлі Қасым Аманжолов оқуларының нәтижесі:

2018 жылы   «Qasym» сериясының I кітабы көрнекті ақын-жазушыларының дауылпаз ақын Қ.Аманжоловқа арналған жырлары топтастырылған өлеңдердің жинағы жарық көрді;  2019 жылы жарық көрген «Qasym» сериясының II кітабында Қ.Аманжолов жайлы танымал қаламгерлердің естеліктері, зерттеушілердің ғылыми мақалалары, әр жылдары жарық көрген құнды дүниелер топтастырылған.

Comments are closed.