Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы Семей қаласы

1. «Абай» журналының кітапханасы» жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Республикалық «Абай журналы», «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ бірлескен жобасы

Қатысушылар: – абайтанушы-ғалымдар, ақын-жазушылар, ҚР Жазушылар Одағының мүшелері

Жүзеге асырылатын уақыты: шілде, 2020 жыл

Мақсаты: “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында хакім Абайдың туғанына 175 жыл толу қарсаңында республикалық «Абай» журналының беттерінде жарық көрген абайтануға байланысты ең үздік материалдарды жеке топтастырып, оқырман қауымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Жоба туралы қысқаша ақпарат: Семей қаласында М.Әуезов пен Ж.Аймауытовтың басшылығымен «Абай» журналы» 1918-1922 жж. жарық көріп, араға 70 жыл салып, ұлы Абайдың туғанына 150 жылдық мерейтойы қарсаңында 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін қайта жарыққа шығарылып келеді.

Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 1992-2020 жылдар аралығында (28 жыл ішінде) республикалық «Абай» журналының беттерінде жарық көрген абайтанушылардың ең үздік еңбектерін бір жинаққа топтап жеке жинақ етіп құрастырып, «Абай» журналының кітапханасы» тақырыбымен қалың оқырманға ұсынылады.

ШҚО қарасты 309 кітапхананың қоры 1000 дана жинақпен толықтырылады.

Виртуалды пайдаланушылар үшін кітаптың цифрлы нұсқасы ҚРҰЭК (ҚР Ұлттық электронды кітапханасы) қорына орналастырылады.

Күтілетін нәтиже: «Абай» журналының кітапханасы» атты кітап шығару. ШҚО қарасты 309 кітапхананың қорын 1000 дана жинақпен қамтамасыз ету.

2. «Әлемдік ойдың алыбы» әдеби-танымдық рухани сапар жобасы

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында

Өткізілетін уақыты: мамыр, 2020 жыл

Ұйымдастырушылар : «Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ

Өткізілетін орны:

– ҚР Ұлтттық Академиялық кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласы

– Павлодар облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап кітапханасы

– Екібастұз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

– Ақмола облыстық М. Жұмабаева атындағы ғылыми кітапхана, Көкшетау қаласы

– Солтүстік Қазақстан облыстық С.Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы, Петропавловск қаласы

Мақсаты: “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында хакім Абайдың туғанына 175 жыл толу қарсаңында кітапхананың сирек басылымдар қорында сақталған Абайдың қайраткерлік тұлғасына қатысты әдебиеттермен, Абай оқыған басылымдармен, ақын шығармашылық әлемімен таныстыру таныстыру.

Қатысушылар:

– Қазақстан кітапханалары пайдаланушылары

Жоба туралы қысқаша ақпарат: 2020 жылдың мамыр айының 18-24 күндері Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы қызметкерлері Екібастұз, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавловск қалаларына танымдық әдеби-рухани сапармен шығады. Жоғарыда аталған кітапханалардың пайдаланушыларымен кездесіп, Абай оқырманы болған Қазақстандағы ең көне кітапханалардың бірі – Абай атындағы кітапхананың сирек қорында күні бүгінге дейін сақталған Абайдың қайраткерлік тұлғасын көрсететін сирек өлкетану деректерімен, Абай оқыған кітаптармен (орыс, батыс Европа классикалық әдебиеті, батыс Европа философтарының еңбектері), Абайдың 1936, 1939 жж. латын қарпімен жарық көрген басылымдарымен, сирек қордағы ақын шығармаларымен, сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының көзі тірісінде жарық көрген көркем шығармаларымен және ғылыми еңбектермен таныстырады.

Күтілетін нәтиже: сирек кездесетін кітаптармен таныстыру және ақынның рухани мұрасына деген ынтасын арттыру арқылы ұлы Абайдың шығармашылығына және қоғамдық қызметіне қызығушылықты арттыру.

3. «Данышпан Абай»: Республикалық  әдеби керуені                          ҚР Жазушылар Одағы Семей филиалы мен
Абай атындағы кітапхананың бірлескен жобасы

Қатысушылар: Республиканың әр өңірінен шақырылатын 40 (қырық) жас ақын-жазушылар

Өткізілетін уақыты: сәуір-маусым, 2020 ж. 

Бағдарламада: Семей қаласының тарихи-мәдени орындарымен танысу – абайтанушы ғалымдармен, өлкенің танымал ақын- жазушыларымен, зиялы қауым өкілдерімен кездесу

-Ұлылар мекеніне саяхат «Жағалаудағы поэзия кеші»: поэтикалық кеш

Күтілетін нәтиже: «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы» жинақ құрастыру. ШҚО қарасты 309 кітапхананың қорын 1000 дана жинақпен қамтамасыз ету. ҚР ҰЭК қорына басылымның цифрлы нұсқасын орналастыру4. Абай әлемі жобасы

Comments are closed.