А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

1. «Біздің Абай» жобасы

Қазақтың ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының бай мұрасын дәріптеп, насихаттау.            Ақынның 1909 ж. Санкт-Петербург қ.           І. Бораганский баспасынан араб қарпімен жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға қол жеткізу.                              Жас оқырмандардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру.

2. «Абай әлемі» кітап сериясы                     Өмірі мен шығармашылығы Шығыс Қазақстан өңірімен байланысты және аймақтың киелі орындарын қалыптастыруға ықпал еткен жерлес белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын жарыққа шығару.

3.«Өлкетану» жобасы Шығыс Қазақстан облысы беделін дамытуға ықпал ету, шекара, территориялық алшақтығына қарамастан ШҚО туралы ақпаратты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жан-жақты жылжыту. 4. «Әдеби HUB» жобасы                          Әдеби шығармашылық саласында дарынды жастарды анықтап, талантын дамытуға, іске асыруға ықпал ету. Жоба аясында шығармашыл жастар мен жерлес ақын-жазушылар арасында кездесулер, шығармашылық шеберханалар, тренингтер, оқырман конференциялары ұйымдастырылып, баспа және электронды БАҚ-да, интернет-ресурстарда жарияланымдар, телеарнада жаңалық сюжеттері мен хабарлар беру.

Comments are closed.